СМИ о нас

Бірінші байлық- Денсаулық

Зааминеллез грибогы туралы не білесіз?

Немесе бедеуліктің бір сыры

Серік Әлікеұлы Нақысбеков, жоғары санатты дәрігер, Алматыдағы «Отырар» медициналық Орталығының  директоры, Ресей Ғылым академиясының академигі, м.ғ.д., профессор Н.А Дехкан-Ходжаевамен бірге патент иесі, Халықаралық информация академиясының корреспондент мүшесі.

Сіз сәби сүйутін жастасыз, тұрмыстасыз, бірақ сәби сүйе алмай жүрсіз бе?

Өзіңізді бедеумін деп қамығудасыз ба?

Осының бір себебі, бойыңыздағы зааменеллез грибогы емес пе екен?

Бұл туралы бұрын-соңды естіп пе удіңіз? Естімесеңшз...

Еуропалық бизнес-ассамблеясының (Оксфорд, Англия) сократ комитеті біздің емханаға және оның басшысы ретінде маған «Үздік мекеме» және «Жыл басшысы» деп аталатын екі номинация бойынша диплом мен комитет сертификатын салтанатты түрде тапсырды. Марапаттау рәсіміне қатысу үшін, мен өткен жылдың шілде айында Швейцарияның  Монтре қаласына шақырылдым. Біздің атқарған іс-шараларымыз комитет сарапшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды (осы хат біздің сайтымзда жарияланған: www.zaaminella.com). Бұл сыйлык, менің аз да болса, Қазақстанның алдыңғы қатарлы ел деп танылуына қосқан үлесім деп есептеймін.

Мына бір жағдайға бөлек тоқталсам деймің : 2012 жылдың наурыз-шілде айларында біздің емдеудің нәтижесінде «системная склеродермия» диагнозымен аурған 6 жасар қыз бала толық сауғып шықты. Бұл дерт әлемдік медицинада әлі толық шешімін таппаған, сол себептен де, емделуі қиын ауруға жататын сырқат. Ал, біз қанның СПО-ға (грибок элементіне) аназиз жасау арқылы және емхана зерттеуі бойынша созылмалы зааминеллез екенін анықтап, тиісті емін жасағаннан кейін, науқас қыз дертінен толық айықты. Балаңын анасы да бойын жайлаған көптеген сырқаттарынан емделді. Оның да ағзасын осындай грибоктар жайлап, соның кесірінен иммунитет әлсіреуі орын алған.

Балаларға аталмыш грибоктың анасынан жұғатыны, сондай-ақ, әрбір келесі ұрпақта ерте пайда болып, кейін айығу қиынға соғатынына бұл да болса бір дәлел. Дегенмен, бұл аналы-балалы екеу біздің емдеу орталығына кездейсоқ келген жанда еді.

Бірде КТК телеарнасынан осындай сырқатқа бола, бір ананың баласына шетелге емделу үшін көмек сұрап жатқанының куәсі болып қалдым. Келесі күні оған өзім хабарласын, біздің емханаға келіп, ем алуға ұсыныс жасадым. Оның иммундық жүйенің әлсіреуінен пайда болатын жүйелі грибоктың салдарынан (кейінгі жылдары мамандар жүйелі микоздың ауқымы жөнінде жиі айтуда) сырқатқа шалдыққанына сенімді едім.

ОСЫ АЙТЫЛҒАН ЗААМИНЕЛЛЕЗДІҢ НЕГІЗГІ БЕЛПЛЕРІ ҚАНДАЙ?

  1. Аллергиялық аурулар. Мысалы, көктем, жаз, күз айларында пайда болатын аллергия (поллиноз), дәріге, шаңға, химиялық заттарға, ас түрлеріне, күн көзіне, ыстық пен суыққа т.б. аллергия. Осы көрсеткіш біздің 19 жыдық жұмысымыздың статистикасы.
  2. Тері аурулары- экземалар, нейродермиттер, псоариаз, фурункулез, безеу бөртпесі, алақан мен табан терісінің жарылуы, тері бетінің құрғауы, қайызға, ұшық.
  3. Шаштың түсуі. Шаштың ойылып-ойылып түскен жағдайлары да грибоктың белгісі.
  4. Тырнақтың зақымдануы, сынғыштығы, нашар өсуі.  
  5. Анемия. Қан аздықтың себебі – эритроциттердің грибок әсерінен бұзылуы.
  6. Эндокриндік бұзылулар. Осы қатарған қант диабетінің 2-ші типі жатады (инсулинсіз емделетіндер).
  7. Гинекологиялық аурулар –жатыр қосымшаларының қабынуы, ашытқылы үздіксіз кольпит, бедеулік, түсік тастау, «ұрықтың қатып қалуы», кисталар, аналық бездердің поликистозы, етеккір кезеңінің бұзылуы (жүйесіз келуі, ауртып келуі, тым көп мөлшерде немесе мардымсыз келуі). 

Бедеуліктен зардап щеккен 90%әйел біздің еманада ем қабылдағаннан кейін, өз дертінен айығып, дені сау баланы дүниеге әкеліп жатады.

Ал, ағылшындардан келген ЭКО әдісі Қазақстанда 20-30% ғана нәтиже береді, бағасы да қымбат. Біздегі 3,5 айлық ем-45 мың теңге ғана.

Анасынан грибок жұқтырып туған баларда келесі жағдайлар орын алуы мүмкін: 2-3 жасынан бастап гинекологиялық аурулары бар қыздар болашақта бедеулікке душар боладыал, ұл балаларда варикоцеле, жыныс органдарының дамуының әлсіздігі, болашақта еркетің бедеулігіне апарып соқтыруы мүмкін.

  1. Бас сүйек ішілік қан қысымының көбеюі (әсіресе балаларда). Бұлдан 30-40 жыл бұрын мұндай патология сирек кездесіп отырған болса, қазіргі танда жоғары қан қысымының таралуы эпидемиялық сипатқа айналды. Әдетте ондай балалардың иммунитеті әлсіз және осыған сәйкес қосымша белгілері. Мидың қан тамырларының зақымдануы дисциркуляторлы энцефалопатия түрінде де кездесуі, варикоз, геморрой түріндегі веналардың аурулары да жиі ұшырасады.
  2. Емдеуі ұзак мерзімге созылатын жиі тұмаурату, тонзиллит, фарингит, бронхит, пневмония. Жас балалар обструкцмялық бронхиттан, бронхы астмасынан біздің емнен кейін 100% жазылып шығады. Бұндай нәтиже еш елде, еш клиникада жоқ.
  3. Іштің қатуына немесе іштің өтуіне бейімділікке алып келетін ішек дисбактериозы.
  4. Әртүрлі буын аурулары- артрит, артроз, сколиоз, остеохондроз, протрузия, омыртқа дисктерінің жарықтары.
  5. Жүрек аурулары- соғу ырғағының бұзылуына алып келетін миокардит құбылыстары, митралды клапанның пролапсы, жүрек жеткіліксіздігі.
  6. Мезгілсіз, себепсіз шаршап жүру, әлсіздік.
  7. Стоматит, пародонтит, қызыл иектер көп қансырайтын паронтоз, мұрыннан қан кету.
  8. Зенді гепатитті қоса алғанда ас қорыту мүшелерінің аурулары. Науқастарда өт сұйығы тұралап қалу белгісі бар өт шығару жолдарының дискинезиясы, холецистит, панкретит жиі кездеседі. Өт қалтасының әсіздігінің әсерінен құм, тас пайда болады. Ал біз қолданатын дәрілер бауырдың жұмысын орнына келтіреді, тазалайды.
  9. Урологиялық аурулар – цистит, пиелонефрит, гипертрофияға, аденомаға ұласатын простатит, ер адамдардың еркектік күшінің әлсіреуі, спертограммадағы бұзылулар.
  10. Дене температурасының жүйелі түрде көтерілуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Осыдан біраз жыл бұрын Алматының Орталық ауруханасының хирургия реанимациясында температурасы 40-41-ден түспей қойған, ішінен қан өтіп жатқан келіншекке бізді кеңес беруге шақырған еді. Сонда біз сол аурудың қанында грибоктың барын анықтан, керекті емін тагайындап, амфотерицинді бір құйганнан температурасы орнына келіп, қан тоқтап, бір аптаның ішінде сырқат аяғынан тұрды. Кейін қалған емін толық бізден алып, айығып кетті. Қаншама аурулар осы емге жене алмай, тепературасының түспеуінен өмірден өтіп жатады.

Сондықтан, біздің түпкі мақсатымыз, осы біз қолданатын ем түрі барлық медицина мекемелерінде орын алуы.

  1. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің аурулары – неврит, полиневрит, радикулит.
  2. Өкпедегі туберкулез тәріздес өзгерістер. Мұндайда қақырық құрамынан туберкулез таяқшалары табылмайды, туберкулезге қарсы жүргізілетін емдік шаралардың тиімділігі төмен. Демек, «туберкулез» деп дұрыс ем алмай жатқан қаншама адам бар. Тағы бір мысал келтірейін. Жақын туыс адамға рентген тексерісі негізінде «өкпе туберкулезі» деген диагноз қойылып, диспансерден орын дайындап, жатқызуға келгенде мен жауапкершілікті өз мойныма алып, оған толық курс ем жасап, қайтадан рентгеннен өткізгенде- өкпедегі дақтың кеткенін анықтадық. Осындай жағдай бізде талай рет қайталанды. Медицина ғылымының докторы, Алматы қаласының бас фтизиаторы болған Тарих Омарұлы Омаров осы жағдайларды біледі, қанды грибокқа тексеруге адамдарды жіберіп отырады. Осы жұмысты да республика көлемінде енгізудің уақыты келді деп санаймын. Дұрыс диагноз қойып, дұрыс ем жасап, қаншама адамды өлімнен алып қалуға болар еді. Қазақстаннан шыққан дүниежүзілік жаңалық болар уді... Мен бүлған кәміл сенемін.
  3. Зарарсыз өсінділер – фиброзды-кистозды мастопатия, фиброаденома, полит, папиллома, сүйелдер, майлы түйіндер. Егер онкологияның негізін имунитеттің бұзылуы мен созылмалы аурулар құрайтынын ескерсек, жүйелі зеңнің қатерлі ісіктердің пайда болуында қандай роль атқаратынын түсіну қиын емес. Рактің кейбір жанұяларда жиі кездесуі – кездейсоқ жағдай емес.

Өзге қалалардан келген емделушілерді зерттеу мен емдеу әдісін таңдау 1-2 күнге созылады, одан кейінгі емдеу шаралары біздің бақылауымызбен тұрғылықтын жерінде жалғасады. Емдеу барысында асқыну жиі болып тұрады, яғни, науқастың көңілкүйі нашарлайды, кейбір дімкәс жандар осыған байланысты емнен күдіктене бастайды да, емді өз бетінше, уақытынан бұрын тоқтатып тастайды. Бұл дұрыс емес, себебі, асқыну бір жағынан иммунмтетті күшейтеді, осының салдарынан емдеудің тиімділігі де артады.

   Мен бізге сенім білдірген барлық пациенттерге алғысымды айтамын. Олар емді аяғына дейін қабылдап шықты, ауруларынан толықтай жазылды. Осылардың қатарында зең барлық мүшелеріне таралып, 40-50 жылдан бері сырқатынан арыла алмай келгендер де бар. Әрине, әртүрлі себептерге байланысты, біздің де толық көмектесе алмайтын жағдайларымыз кездеседі. Жалпы айтар болсақ 10 жағдайдың 9- ында біз өзіміз күткен нәтижеге қол жеткіземіз. Процестің ауыртпалығын ескерер болсақ, меніңше, бұл өте жоғары көрсеткіш. Біздің пациенттер, көбіне өздерінің проблемаларымен әртүрлі мамандардың алдын көріп, түрлі әдістермен, ұзақ уақыт нәтіжесіз емделіп көрген адамдар. Жұмысымызды бастаған алғашқы жылдары күмәнданушылар көп болған болса, қазір жағдай керісінше. Менің осылай дейтін себебім,бізге көбіне баспасөз бетіндегі публикациядан гөрі, емделіп жазылған адамдардың, дәригерлердің нұсқау-кеңестері бойыншакелетін науқастар көп. Біздің Орталығымызға әртүрлі ауруханалардың стационарынан диагнозы қойылған, жалпы стандарттардың ешбіріне сәйкес келмейтін, осыған сәйкес, дәстүрлі емдеудің ешқайсынан нәтиже көрмеген, жағдайлары әбден ауырлап, қиналған науқастар хабарласады.

   Осы жағдайлардың бәрінде де біз сырқаттардың ағзасынан жүйелі зең тауып отырдық және біздің грибокқа қарсы тағайндаған емісіз оң нәтиже берді.